“
ШЫҢҒЫС ПЕН ҚАПИЯҒА АРНАЛАДЫ!
Адал да шын берілген ақ махаббат ИЕЛЕРІ, ҚОС АҚҚУДАЙ БІРГЕ ЖҮЗГЕН
АЙДЫНЫНДА, БІР КҮНДЕ АЙЫРЫЛЫП
ШЫҢҒЫС ДОСЫМ, СЫҢАРЫНАН АЙЫРЫЛЫП
ҚАЛҒАНЫНДА, О ЖАЛҒАН ӨМІР ҮЗІЛГЕНДІ
ЖАЛҒАЙМЫН ЕНДІ ҚАЙТЫП, СОЛ АҚҚУЫМ
ОРАЛАР МА? ӘНІН АЙТЫП!!!
Қолыма қондырып ем Бақыт құсын,
Жан жүрегім Достарым мұны түсін ,
Жетпіс сегіз жылының жазында біз,
Қос аққу боп ,өмір жолын бастағанбыз,
Дариғай махаббатқа айналды өмір,
Күн сайын гүлдеп тұрды қайран көңіл,
Қырық төрт жыл өтіпті жұмақтай боп,
Ищай деспей өтіпті қайран ғұмыр...
Қос ғашық бал өмірді бастан кештік ,
Елімізбен, достармен араласып ,
Ойдағы арман тілек бірге шештік,
Ақ сезімдер, махаббат боп нұрын шашып ,
Жиырма екі де ,жиырмады қосылғанбыз,
Өмір көші артында жосылған із,
Ұрпақтарым ұл-қыздарым өсіп өнді ,
Жарқыраған жұлдызым бір күн сөнді,
Айырылдым ҚАПИЯМНАН бақытымнан
Ертегі боп өткендей жалған өмір,
Айырылдым жарқыраған жақұтымнан,
Бір күнде қалғаныма жасып көңіл,
Айнала көңіл айтқан қалың елім,
Қапиямды іздеген жоқтау әні,
Құрғағандай болды-ау шалқар көлім,
Сыңарым жоқ болар ма көлдің сәні,
Қарыс айырылып жүректер жылағанда,
Зорға тұрдым Шынарым құлағанда,
Жерге кетті аялаған АҚ МАХАББАТ,
Жақсы адам деп жауап қаттық сұрағанда,
Хош бол енді аялаған Жаным менің,
Жәннәттан орын алсын жаның сенің,
Қалай таңым атады ,батар күнім?
Ұрпақтарым терсінші БАҚЫТ ГҮЛІН...!!!
Жан досыма сүйеніш боп көңіл айттым,
Елу үш жыл бір болған өміріммен,
Қапияны еске алып шын көңілмен,
Ақ мағаббат иелері жасай берсін,
Көкіректен мейірім мен нұр төгілген