Қайырлы күн қадірменді қазылар алқасы, көрермендер және байқауға қатысушылар!
Мен Баймуратова Асем Амандыковна, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Лақалы ауылы № 93 орта мектептің Балалар жасөспірімдер орталығының педагог-психологмын. Екі мың жиырма үшінші жылдан бері педагог-психолог болып жұмыс жасап келе жатырмын. Білімім жоғары, жалпы еңбек өтілім он тоғыз жыл, ал педагог-психолог қызметін атқарып келемін. Жолдасымды жолықтырып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға он тоғыз жыл. Үш ұл, бір қызды тәрбиелеп отырмыз. Балаларымыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың өзіндік тұлға болып қалыптасуына үлкен мән береміз.
Шығармашылығымды дамыту үшін түрлі форум, конференция, семинарларға және де біліктілікті арттыру курстарына қатысып келемін.
Өмірлік ұстанымым - әр бала ерекше, оны түсіну, қабылдау және дұрыс бағыт-бағдар беру. Әр баланың жан дүниесіне үңіліп, оның ерекшеліктерін байқауға тырысамын. Себебі әрқайсысы бірегей, біріне жанашырлық, ал біріне сенім арту керек. Осы ұстанымым арқылы мен өз ісімде жетістікке жетемін деп ойлаймын.
Шығармашылық тақырыбым: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, психологиялық қызмет жұмысын дамыту.
Мақсатым: Психологиялық ойын жаттығулар арқылы оқушылардыңшығармашылық қабілеттеріндамыту, психологиялық қолдау көрсету.
Қосымша білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтың рөлі ерекше, себебі ол оқушылардың эмоционалдық, психологиялықлық және әлеуметтік дамуын жан-жақты қолдауға бағытталған.
Менің мамандығым - менің жүрегіме жақын, сүйікті ісім. Осы мамандықты таңдауым кездейсоқтық емес. Балалардың жан-дүниесін түсініп, оларға қолдау көрсету - менің ең басты мақсатым.
Менің ойымша, педагог-психолог болу - тек мамандық емес, бұл өмірдің өзіндік философиясы. Біз балаларға тек білім берумен ғана шектелмейміз, олардың тұлғалық дамуына, әлемді дұрыс тануына, өздерін бағалап, өз жолдарын табуына көмектесеміз. Олардың әрбір жетістігі, қуанған сәттері мен үшін үлкен шабыт көзі.
Менің креативті қабілеттерім мен шығармашылық шеберлігім де осы мамандықта көп көмегін тигізеді. Балалармен жұмыс жасағанда, әрқашан жаңашылдық пен шығармашылықты пайдаланамын. Түрлі әдіс-тәсілдер, ойындар мен жаттығулар арқылы оларды қызықтыруға, тырысамын.
Бұдан бөлек, менің жеке қызығушылықтарым да осы мамандығымды байыта түседі. Мысалы, мен қол өнермен айналысқанды ұнатамын. Бұл іс маған ерекше шабыт сыйлап, шығармашылығымды арттырады. Бұл тәжірибемді жұмыс барысында балалармен бөлісемін.
Мамандығым - менің мақтанышым. Әр балаға көмектесу, олардың болашағын жақсартуға үлес қосу - мен үшін бақыт.
Назарларыңызға рахмет!